Рыбакина Римдегі турнирдің бірінші айналымында Ресейдің ең үздік теннисшісін жеңді

Елена Рыбакина. Сурет: olympic.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында өтіп жатқан турнирде ресейлік Екатерина Александрованы жеңді,-деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Кездесу 6:0, 6:4 есебімен аяқталды. Матч 1 сағат 1 минут болды. 

Турнирде оныншы ракетка ретінде тіркелген Рыбакина ойында барысында үш эйс, алты брейк жасады. Ал Ресейдің бірінші ракеткасы Александрова болса төрт эйс жасап, бір ғана брейк істеді. 

Айта кетейік, 21 жастағы Рыбакина қазіргі уақытта WTA рейтингінде 18-орында болса, Александрова 31 сатыда. Қазақстандық теннисші бұл қарсыласын бірінші рет жеңіп отыр. Енді олардың арасындағы есеп 1:2. 

Келесі кезеңде отандасымыз чехиялық Мари Боузковамен немесе австралиялық Айла Томляновичпен кездеседі. 

Бұл турнирде Қазақстанның тағы бір теннисшісі қатысады. Ол Юлия Путинцева. Бірінші айналымда Путинцева швециялық Ребекка Петерсонмен ойнайды. 






Метки:
Жаңалықтар