Кездесу 6:0, 6:4 есебімен аяқталды. Матч 1 сағат 1 минут болды.
Турнирде оныншы ракетка ретінде тіркелген Рыбакина ойында барысында үш эйс, алты брейк жасады. Ал Ресейдің бірінші ракеткасы Александрова болса төрт эйс жасап, бір ғана брейк істеді.
Айта кетейік, 21 жастағы Рыбакина қазіргі уақытта WTA рейтингінде 18-орында болса, Александрова 31 сатыда. Қазақстандық теннисші бұл қарсыласын бірінші рет жеңіп отыр. Енді олардың арасындағы есеп 1:2.
Келесі кезеңде отандасымыз чехиялық Мари Боузковамен немесе австралиялық Айла Томляновичпен кездеседі.
Бұл турнирде Қазақстанның тағы бір теннисшісі қатысады. Ол Юлия Путинцева. Бірінші айналымда Путинцева швециялық Ребекка Петерсонмен ойнайды.