ATP
30 шілде 2020 10:41
 
Роджер Федерер Токиода өтетін Олимпиадада медаль жеңіп алуға ниетті екенін айтты

  Пікірлер

blog.share

Роджер Федерер Токиода өтетін Олимпиадада медаль жеңіп алуға ниетті екенін айтты Сурет: Vesti.kz. Юлия Милова©

Швейцариялық теннисші Роджер Федерер келесі жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алуға ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды "Чемпионат". 

Пандемияға байланысты келесі жылға шегерілген Олимпиада кезінде 20 рет "Үлкен дулыға" турнирлерінде топ жарған теннисшінің жасы 40-қа келеді. Бірақ ол Олимпиадаға қатысқысы келеді екен. 

"Олимпиада ойындары мен үшін ерекше жарыстардың бірі. Токиода өтетін 2021 Олимпиада ойындарының қандай болатынын көргім келеді. Әрине, мен ол жерде жүлде алғым келеді. Жекелей сында ма, жұптық сайыста ма, ол маңызды емес. 

20 жыл ойнаған теннисші үшін Олимпиада өтетін жыл өте маңызды. Дайындық үш ай қалғанда басталады", - деді Федеррер. 

Феддерер үшін бұл бесінші Олимпиада ойындары болмақ. Ол 2008 жылғы Пекинде өткен Олимпиада ойындарында жұптық сайысты алтын, 2012 жылғы Олимпиадада жекелей сында күміс жүлде жеңген еді. Қазіргі уақытта ол тізесінен алған жарақатын емдеп жатыр. 

Жарнама

Живи спортом!