Роджер Федерер карьерасын не үшін аяқтағаны белгілі болды

©ATP

Даңқты теннисші Роджер Федерердің бапкері Северин Люти швейцариялықтың не үшін карьерасын аяқтағынын түсіндіріп берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Кеше 41 жастағы теннисші келесі аптада Лондон қаласында өтетін Лейвер кубогінің кейін карьерасын аяқтайтынын айтты. 

"Ол денсаулығын дұрыс қалыпқа келтіре алмады. Федерердің жасы 41-де. Турда өнер көрсетіп жүргеніне көп уақыт болды. 1500-ден артық матч өткізді. Осы себептерге байланысты ол теннистен кетіп жатыр", - деді бапкер. 

Федерер АТР санатында 103 турнирде топ жарды. Сонымен қатар, ол Уимблдон турнирінде 8, Australian Open турнирінде 5, АҚШ ашық біріншілігінде 5 және "Ролан Гаррос" турнирінде 1 рет жеңіске жетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар