Рафаэль Надаль Америкадағы турнирге қатысудан бас тартты

©АТР

"Үлкен дулыға" турнирлерінің 21 дүркін жеңімпазы Рафаэль Надаль АҚШ-тың Майами (Флорида штаты) қаласында өтетін турнирге қатысудан бас тартты. 

"Соңғы бірнеше маусымда мен Майамиде ойнаған жоқын. Жасым 36-ға келді. Маусым басында мұнша көп ойнаймын деп ойламадым да. Менің ағзам бір корттан екінші кортка үйрену үшін көп уақытты талап етеді. Егер Майамиде ойнасам, ары қарай топырақты маусымға дайындалуға уақытым болмай қалады. Сол үшін мен ол турнирге қатыспаймын", - деді әлемнің бұрынғы бірінші нөмірлі  теннисшісі. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Надаль Индиан-Уэллсте өтіп жатқан турнирге қатысуда. Испаниялық аталған доданың төртінші кезеңіне өтті. Ал жалпы биыл ол 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар