ATP
5 тамыз 2020 10:18

Рафаэль Надаль 2020 жылғы US Open турниріне қатысудан бас тартты

Рафаэль Надаль. Сурет: ©Reuters
Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль 2020 жылғы АҚШ-тың ашық біріншілігіне қатыспайтын болды. 

"Денсаулық сақтау мәселесі әлі де болса әлемде қиын жағдайда: коронавирустың жаңа толқыны шығып жатыр, оларды бақылау мүмкін болмай тұр. Мен турнирді ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. US Open және ATP ұйымдастырушылар теннисшілер мен жанкүйерлерге арнап жасап жатқан турнирі үшін қатты құрметтеймін. Турнирден бас тарту мен үшін қиын болды. Бірақ мен жүрегімнің қалауын орындадым", - деп жазба қалдырды 34 жастағы теннисші Twitter парақшасында. 



Айта кетейік, өткен жылы Надаль US Open турнирінің жеңімпазы атанды. Бес сетке созылған финалда ол ресейлік Даниил Медведевтен үстем түсті. 

US Open сайтының ақпараты бойынша, биылғы турнирге Медведев қатысады екен.

Қыздар арасындағы турнирде әлемдік рейтингте үздік ондықта тұрған тоғыз теннисші ойнайды. Оның ішінде турнирдің өткен жылғы жеңімпазы канадалық Бьянка Андрееску бар. Ал әлемнің бұрынғы бірінші нөмірлі теннисшісі австралиялық Эшли Барти турнирге қатыспайтынын хабарлады. 

US Open додасы биыл Нью-Йорк қаласында 31 тамыз бен 13 қыркүйек арасында өтеді.