Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путенцева "Australian Open" турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлай Vesti.kz.
Бірінші айналымда біздің отандасымыз испан қызы Лара Арруабаррена-Весиномен кездескен еді. 2 сағат 47 минутқа жалғасқан кездесуде Путинцева 7:6 (9:7), 7:6 (12:10) есебімен жеңіске жетті.
Енді "Australian Open" турнирінің екінші айналымында Юлия Путинцева латыш қызы Елена Остапенкомен кездеседі. Ойын 19 қаңтарда өтеді.
Загрузка матч-центра...
Жарнама