ATP
25 қыркүйек 2022 16:30

Новак Джокович карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

©ATP

Сербиялық теннисші Новак Джокович карьерасын аяқтау туралы ойлап та жүрген жоқ екен, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

24 қыркүйек күні 35 жастағы теннисші Лейвер кубогінде америкалық Фрэнсис Тиафомен кездесіп, қарсыласын оңай ұтты. 

Бұл сербиялық теннисшінің Уимблдон финалынан кейін, яғни 76 күннен кейінгі бірінші ойыны болды. 

Айта кетейік, Джокович коронавирусқа қарсы вакцинация алмағаны үшін Солтүстік Америкада өткен барлық турнирге қатысқан жоқ. 

"Карьерамды аяқтайтындай өзімді кәрі сезінбеймін. Денем әлі мені тыңдайды. 35 жасқа келгенде бұл ең маңызды нәрсе. 

Өзімді жақсы сезінген уақыттың барлығында карьерамды жалғастырып, жастарға бәсекелес болғым келеді", - деді сербиялық теннисші. 

Еске салайық, Джокович 2022 жылдың 1 және 9 қазан аралығында елордамызда өтетін ATP 500 турниріне қатысады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport