Сербиялық теннисші Новак Джокович Астана қаласында өтіп жатқан АТР 500 Astana Open турнирінің екінші айналымына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Әлемнің жетінші нөмірлі теннисшісі бірінші айналымда чилилік Кристьян Гаринмен кездесіп, 6:1. 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ойын 1 сағат 24 минут болды.
Енді екінші айналымда Джокович Нидерланды елінің бірінші нөмірлі теннисшісі Ботик ван де Заншульппен кездеседі.