Михаил Кукушкин US Open турнирі іріктеуінің финалына шықты

Сурет: ҚТФ. Андрей Ударцев

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Үлкен дулыға санатындағы US Open турнирі іріктеу кезеңінің финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Отандасымыз іріктеу кезеңінің финалына тайвандық Джейсон Джангты 6:4, 6:3 есебімен жеңіп шықты. 

Енді финалда оның қарсыласы франциялық Антуан Оан болады. 

Айта кетейік, US Open турнирінің негізгі кезеңінде ерлер арасында Қазақстанның намысын Александр Бублик қорғайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар