Михаил Кукушкин US Open-2020 додасының екінші айналымына шықты

Михаил Кукушкин. Сурет: olympic.kz©
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Нью-Йорк қаласында басталған АҚШ-тың ашық біріншілігі US Open турнирінің екінші айналымына өтті,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Доданың алғашқы айналымында қазақстандық теннисші венгриялық Атилла Балашпен кездесіп, 3:0 (6:4, 7:5, 6:4) жеңіске жетті. Ойын бір сағат 18 минутқа жалғасты. Келесі айналымда Кукушкин Улисс Бланч (АҚШ) - Кристиан Гарин (Чили) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. 

Ал екінші бір қазақстандық теннисші Александр Бублик болса бірінші айналымда британдық Кайл Эдмундтан жеңіліп қалды. Бұл ойын 1:3 (6:2, 5:7, 5:7, 0:6) есебімен аяқталды. Эдмунд екінші айналымда әлемнің бірінші нөмірлі теннисшісі Новак Джоковичпен кездеседі. Ол бірінші айналымда босниялық Дамир Джумхурдан 3:0 (6:1, 6:4, 6:1) есебімен айласын асырды. 





Метки:
Жаңалықтар