Михаил Кукушкин Australian Open турнирінің бірінші айналымында ұтылып қалды

©olympic.kz. Жеңіс Ысқабай

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Australian Open турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бүгін, 17 қаңтар күні қазақстандық теннисші бірінші айналымда америкалық Томми Полмен жолығып, 3:6, 4:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды. 

Айта кетейік, Кукушкин қазіргі уақытта АТР рейтингінде 180-орында, ал Пол 41-сатыға жайғасқан. 

Осылайша, Australian Open турнирінен екінші қазақстандық теннисші шығып қалды. Бұған дейін бірінші айналымда отандасымыз Юлия Путинцева жеңіліс тапқан еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар