Михаил Кукушкин Астанада өтіп жатқан АТР турнирінің бірінші айналымында жеңілді

©ktf.kz

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Астанада қаласында өтіп жатқан ATP 500 Astana Open турнирінің бірінші айналымында жеңілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бүгін, 4 қазан күні Кукушкин әлемнің алтыншы нөмірлі теннисшісі грекиялық Стефанос Циципаспен кездесті. Бір сағат 28 минутқа жалғасқан кездесуде Циципас 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, АТР рейтингінде 221-сатыда тұрған Кукушкин бұл турнирге уайлд кард, яғни арнайы шақырту алған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар