Қазақстанның бірінші ракеткасы жаңартылған АТР рейтингінде жоғарлады

©ktf.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бубликтің жаңартылған АТР рейтингіндегі орны белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бүгін жаңартылған рейтингте Бублик үш саты жоғары көтеріліп, 41-орынға жайғасқан. 

Еске салайық, Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі өткен сенбі күні Метца қаласындағы АТР 250 турнирінің финалына шығып, жеңіліп қалған болатын. 

Финалда ол италиялық Лоренцо Сонегомен кездесті. Бұл ойын 7:6, 6:2 есебімен аяқталды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар