Қазақстандық теннисші Александр Бубликтің жаңартылған АТР рейтингіндегі орны белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бүгін жаңартылған рейтингте Бублик үш саты жоғары көтеріліп, 41-орынға жайғасқан.
Еске салайық, Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі өткен сенбі күні Метца қаласындағы АТР 250 турнирінің финалына шығып, жеңіліп қалған болатын.
Финалда ол италиялық Лоренцо Сонегомен кездесті. Бұл ойын 7:6, 6:2 есебімен аяқталды.