Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Лиссабонда өтіп жатқан Челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
1/8 финалда АТР рейтингінде 233 орында тұрған Скатов турнирдің үшінші нөмірлі теннисшісі италиялық Франческо Пассароны жеңді. Есеп - 6:1, 5:7, 6:1.
Енді келесі айналымда отандасымыз франциялық Бенуа Пэрмен кездеседі.