Қазақстандық теннисші алаяқтық жасағаны үшін спорттан он жылға шеттетілді

Сурет: digisport.ro

Қазақстандық Роман Хасанов теннистегі есепті алаяқтық жолмен өзгерткені үшін он жылға спорттан шеттелді. Бұл туралы Digisport басылымы хабарлап отыр. Мұндай шешімді кеше Теннистегі тәртіпті қадағалау агенттігі, яғни ITIA шығарған. 

Жаза мерзімі 2021 жылдың 9 мамырынан басталады. Сонымен қатар ол 100 мың доллар көлемінде айыппұл төлейді. 

"24 жастағы Хасанов өз кінәсін толық мойындады. Ол антикоррупциялық ережелерді бұзған. Ол ақша алып, ойын нәтижесіне әсер еткен. Сонымен қатар, ол бұл әрекетін ешкімге айтпаған", - деп жазады басылым.

Хасанов мұндай алаяқтыққа бірнеше рет барған екен. Басылымның жазуынша, теннисші 2014-2018 жылдар аралығында ойындардың нәтижесін ақша беріп, өзгертіп отырған. 

Айта кетейік, Роман Хасанов Шымкент қаласының тумасы. Бірақ ол жаттығуларын Нұр-Сұлтан қаласында өткізіп, сол қалада тұрған. АТР рейтингінде оның ең жоғарғы көрсеткіші - 671 орын болған. 2018 жылдың ақпан айында ол Дэвис кубогінде Қазақстан құрамасында ойнап, швейцариялық Марк-Андреа Хюслерден жеңіліп қалған.

Метки:
Жаңалықтар