Карен Хачанов Astana Open турнирінің ширек финалында ойнайды
© РИА Новости / Алексей Филиппов
Ресейлік теннисші Карен Хачанов Астанада өтіп жатқан АТР 500 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Ресейлік теннисші Карен Хачанов Астанада өтіп жатқан АТР 500 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
1/8 финалда АТР рейтингінде 18-орында тұрған Хачанов хорватиялық Марин Чиличпен кездесті.
Бұл кездесуде 2:6, 6:3, 6:3 есебімен ресейлік теннисшінің мерейі үстем болды. Ойын 2 сағат 26 минут болды.
Енді ресейлік теннисшінің келесі кезеңдегі қарсыласы Новак Джокович болуы мүмкін. Сербиялық бүгін Ботик ван де Заншульппен кездеседі.
Жарнама