ATP
7 қыркүйек 2018 11:22
 
Федерер: Жыл өткен сайын мотивация өзгереді, бірақ менде ондай қиындықтар жоқ

  Пікірлер

blog.share

Федерер: Жыл өткен сайын мотивация өзгереді, бірақ менде ондай қиындықтар жоқ © Sporting News

Швейцариялық теннисші Роджер Федерер кортта жас спортшылармен ойнағанды ұнатанын айтты. Жас қарсыластар әлемінің бұрынғы бірінші ракеткасына мотивация береді екен, - деп жазады Tennis World USA.

"Жыл өткен сайын мотивация өзгеретіні анық. Жасың 18-де, 23-те не 32-де болғанда әр түрлі мотивация болады. Спорттық мансабыңның әр түрлі кезеңінен өтесің. Алайда соңғы кезеңдерде жеңіл бола түседі: сен үшін шыңға шығудың еш қажеті жоқ.

Соған қарамастан өзіңді көрсетіп отыру керек. Көп нәрсе, сенің ойыннан ләззат алатыныңа байланысты және физикалық тұрғыдан дайындығың қалай екені де маңызды. Менің жағдайымда барлығы тура осылай. Мен әлі де ойыннан ләззат аламын, мен үшін сапарлаудың еш қиындығы жоқ. Жастармен ойнағанды ұнатамын. 

Меніңше, біз теннистің ең гүлденген кезеңін өткізіп жатырмыз. Мен бастаған кезде де жақсы болатын, ол кезде Сампрас, Агасии, Хенман, Крайичек және Иванишевичтер болды. 

Мен оларға өзімнің әлі де ең мықты теннисші екенімді дәлелдеу ұнайды", - дейді Федерер. 

Айта кетейік, "Үлкен Дуылға" бойынша 20 турнирдің жеңімпазы және 2008 жылы Пексинде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы болған Федерер 7080 ұпаймен қазіргі уақытта АТР рейтингінде екінші орында тұр. 10040 ұпаймен испаниялық Рафаэль Надаль көш бастап тұр. 

Жарнама

Живи спортом!