Елена Рыбакина Australian Open турнирінің бірінші айналымында ресейлік қарсыласын жеңді

Сурет: WTA
Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Australian Open турнирінің екінші айналымына өтті,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Турнирдегі өзінің бірінші кездесуін 21 жастағы теннисшіміз 36 жастағы ресейлік Вера Звонареваға қарсы өткізді. Рыбакина кездесудің бірінші сетін 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Екінші кезеңде отандасымыз 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтаса, үшінші сетті де 6:4 есебімен ұтты. Бұл кездесу екі сағат болды. 

Енді әлемдік рейтингте 19-орында тұрған Рыбакинаның екінші кезеңдегі қарсыласы Фиона Ферро болады. Ол - WTA рейтингінде 43-орында. 

Айта кетейік, ертең, 9-ақпан жарыс жолын екінші бір отандасымыз Юлия Путинцева бастайды. Оның қарсыласы әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы, US Open-2017 турнирінің жеңімпазы Слоан Стивенс болады. 






Метки:
Жаңалықтар