Турнирдегі өзінің бірінші кездесуін 21 жастағы теннисшіміз 36 жастағы ресейлік Вера Звонареваға қарсы өткізді. Рыбакина кездесудің бірінші сетін 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Екінші кезеңде отандасымыз 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтаса, үшінші сетті де 6:4 есебімен ұтты. Бұл кездесу екі сағат болды.
Енді әлемдік рейтингте 19-орында тұрған Рыбакинаның екінші кезеңдегі қарсыласы Фиона Ферро болады. Ол - WTA рейтингінде 43-орында.
Айта кетейік, ертең, 9-ақпан жарыс жолын екінші бір отандасымыз Юлия Путинцева бастайды. Оның қарсыласы әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы, US Open-2017 турнирінің жеңімпазы Слоан Стивенс болады.