Даниил Медведев бастап келеді. Нұр-Сұлтандағы ATP 500 турниріне қатысатын теннисшілердің тізімі белгілі болды

©ATP

Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ATP 500 турниріне қатысатын теннисшілердің тізімі белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Турнир 1 және 9 қазан аралығында өтеді. 

Турнирге қатысатын теннисшілерді қазіргі уақытта АТР рейтингінде бірінші орында тұрған Даниил Медведев бастап келеді. Одан бөлек үздік ондықтан Карлос Алькарас (4), Стефанос Циципас  (5), Феликс Оже-Альяссим (8), Хуберт Хуркач (10) бар. 

Бұл теннисшілерде бөлек Қазақстанның астанасында Андрей Рублев (11. АТР), Янник Синнер (13. АТР), Диего Шварцман (16. АТР), Роберто Баутиста Агут (18. АТР), Григор Димитров (19. АТР), Гаэль Монфис (24 .АТР) және үлкен дулыға турнирінің жеңімпаздары Марин Чилич пен Стэн Вавринка келеді. 

Аталған турнирде Қазақстан намысын Александр Бублик пен Михаил Кукушкин (WC) қорғайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар