Кәсіби теннисшілер ассоциациясы (ATP) жаңартылған рейтингті жариялады.
Үздік үштік қатарында кішігірім өзгерістер орын алды. Новак Джокович (Сербия) көш басындағы орнын сақтап қалса, ресейлік Даниил Медведев испаниялық Рафаэль Надальді үшінші орынға ығыстырып, екінші сатыға көтерілді.
Ал қазақстандықтар сапынан Александр Бублик төрт сатыға көтеріліп, мансабында алғаш рет ТОП-40 қатарына енді. Михаил Кукушкин 103-ші орынға жайғасса, Дмитрий Попко 19 орынға төмендеп, 193-ші болды. Ал Александр Недовесов – 378, Денис Евсеев – 388-ші орындарда келеді.