Бублик ATP рейтингінде жеке рекордын жаңартты

©ҚТФ

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік теннисшілерінің рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик бір сатыға көтеріліп, мансабында алғаш рет әлемдік рейтингте үздік 30 теннисшінің қатарына енді. Осылайша ол өзінің жеке рекордын жаңартты.

Өзге қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко алдыңғы аптамен салыстырғанда екі саты жоғарылады. Тимофей Скатов пен Денис Евсеев бес саты, Александр Недовесов жеті сатыға жоғарылады.

ATP рейтингісіндегі алғашқы ондықта өзгеріс болған жоқ.

ATP Рейтингі:

1 (0). Новак Джокович (Сербия) – 8875
2 (0). Даниил Медведев (Ресей) – 8435
3 (0). Александр Зверев (Германия) – 7515
4 (0). Стефанос Циципас (Грекия) – 6565
5 (0). Рафаэль Надаль (Испания) – 6515
6 (0). Маттео Береттини (Италия) – 4928
7 (0).Андрей Рублев (Ресей) – 4590
8 (0). Каспер Рууд (Норвегия) – 3975
9 (0). Феликс Оже-Альяссим (Канада) – 3883
10 (0). Янник Синнер (Италия) – 3429
30 (+1). Александр Бублик (Қазақстан) – 1571
166 (+2). Михаил Кукушкин (Қазақстан) – 382
178 (+2). Дмитрий Попко (Қазақстан) – 351
225 (+5). Тимофей Скатов (Қазақстан) – 265
346 (+5). Денис Евсеев (Қазақстан) – 126
568 (+7). Александр Недовесов (Қазақстан) – 53
617 (+19). Бейбіт Жүкаев (Қазақстан) – 44
769 (+9). Григорий Ломакин (Қазақстан) – 27
920 (-16). Достанбек Ташбулатов (Қазақстан) – 16
950 (+9). Андрей Голубев (Қазақстан) – 14.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар