Америкалық теннисші ойын кезінде қарсыласына ортаңғы саусағын көрсетіп кетті

Сурет: US Open
Америкалық теннисші Фрэнсис Тиафо US Open турнирі барысындағы ойында қарсыласына ортаңғы саусағын көрсетіп кетті.

Америкалық теннисші турнирдің 1/8 финалында ресейлік Даниил Медведевпен кездескен болатын. Ойынның бірінші сеті барысында Тиафо ресейлік теннисшінің кеудесіне қарай допты ұрып жіберген. Бірақ Медведев ракеткасын қойып үлгеріп, ұпай алып кетті. Корттың артқы бөлігіне кетіп бара жатып, Тиафо ортаңғы саусағын көрсетіп кетті. Бірақ матч кезінде бұл эпизодты төреші көрмей қалды. Сол үшін жазаламады. Бірақ бүгін турнирдің ұйымдастырушылары бұл мәселені қарастырады. Сөйтіп Тиафоға айыппұл салуы мүмкін.



Артур Эш атындағы орталық қортта өткен кездесуде 6:4, 6:1, 6:0 есебімен ресейлік теннисшінің пайдасына аяқталды. Енді ширек финалда Медведев отандасы Андрей Рублевқа қарсы кездесу өткізеді.
Метки:
Жаңалықтар