Александр Бублик Роттердамдағы турнирдің екінші айналымында жеңілді
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Роттердам (Нидерланды) қаласында өтіп жатқан АТР турнирінің 1/8 финалында жеңіліп, турнирден шығып қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Роттердам (Нидерланды) қаласында өтіп жатқан АТР турнирінің 1/8 финалында жеңіліп, турнирден шығып қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Роттердамдағы турнирдің екінші айналымында отандасымыз америкалық Томми Полмен кездесті. Бұл ойынның бірінші сетін Бублик 7:6 есебімен жеңген болатын. Бірақ екінші сетті 3:6, ал үшінші сетті 1:6 есебімен жеңіліп қалды. Ойын бір сағат 40 минут болды.
Енді Пол бұл турнирдің ширек финалында Мартон Фучович (Венгрия) - Алехандро Давидович Фокина (Испания) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, турнирдің бірінші айналымында қазақстандық теннисші Александр Зверевті 7:5, 6:3 есебімен жеңген болатын.
Жарнама