Александр Бублик Мадридтегі турнирдің ширек финалына шықты

Сурет: Zimbio.com©

Александр Бублик Мадрид қаласында өтіп жатқан АТР турнирінің үшінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі 1/8 финалда ресейлік Аслан Карацевпен кездесіп, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Матч 1 сағат 15 минутқа созылды. Бублик ойын барысында 13 эйс жасап, допты ойынға қосу кезінде тоғыз рет қателесті. Сондай-ақ ол жеті брейк жасайтын мүмкіндіктің үшеуін сәтті пайдаланды. 

Келесі кезеңдегі Бубликтің қарсыласы әлі анықталмады. 

 

Метки:
Жаңалықтар