Александр Бублик жұптық сында да Australian Open турнирінде жеңіліп қалды

©АТР

Қазақстандық теннисші Александр Бублик жұртық сында да Australian Open турнирінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бірінші айналымда польшалық Петр Зелиньскимен жұп құрған қазақстандық теннисші америкалық Маркос Хирон мен кореялық Сун Ву Квоннан 3:6, 4:6 есебімен ұтылды. Ойын 56 минутқа жалғасты. 

Еске салайық, бұған дейін жұптық сынның бірінші айналымында Андрей Голубев те жеңілді. Сонымен қатар, Елена Рыбакина екінші айналымнан аса алмады. 

Ал жұптық сайыстың екінші кезеңіне Александр Недовесов шықты. Ол Айсам-Уль-Хаком Курешимен бірге франциялық Николя Маю мен Фабрис Мартеннен үстем түсті. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар