Александр Бублик Италияда турнирдің екінші айналымына шықты

©Ktf.kz, Турар Казангапов

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Флоренция (Италия) қаласында басталған турнирдің екінші айналымына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бірінші айналымда Бублик чилилік Кристьян Гаринмен кездесіп, 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ойын 1 сағат 27 минут болды. 

Енді екінші айналымда Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі франциялық Корентен Мутьемен кездеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар