Александр Бублик Барселонадағы АТР турнирін жеңіспен бастады
Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Бублик Барселона қаласында басталған АТР турнирінің бірінші турынан сәтті өтті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Бублик Барселона қаласында басталған АТР турнирінің бірінші турынан сәтті өтті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Бүгін, 20-сәуір күні турнирдің бірінші айналымында Бублик испаниялық теннисші Алехандро Давидович Фокинамен кездесіп, жеңіске жетті. Ойын бір сағат 30 минутқа жалғасты. Бублик үш сеттің қорытындысы бойынша үстем түсті. Қазақстандық теннисші бірінші сетті 2:6 есебімен жеңіліп қалған болатын. Бірақ кейін 7:5, 6:2 есептерімен отандасымыздың пайдасына аяқталды.
Енді келесі айналымда Бублик австралиялық Алекс Ди Минаурмен кездесу өткізеді. Ол АТР рейтингінде 25-сатыда болса, Бублик 42-сатыға жайғасқан.
Жарнама