ATP
8 ақпан 2021 15:09

Александр Бублик Australian Open турнирінің екінші айналымына шықты

Александр Бублик. Сурет: ITF©️
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Australian Open-2021 турнирінің екінші айналымына шықты,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 


23 жастағы Бублик турнирдің бірінші айналымында словениялық Альяж Беденемен кездесті. Екі сағат 36-минутқа жалғасқан бұл кездесу 6:4, 7:5, 5:7, 6:4 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. 

Ойын барысында отандасымыз 41 рет эйс жасап, он рет допты ойынға қосу кезінде қателесті. Бұл екі теннисші арасындағы екінші ойын еді. Осы жеңістен кейін Бублик 1:1 есебімен таразы басын теңестірді. 

Қазақстандық теннисшінің келесі айналымдағы қарсыласы Серей Стаховсий (Украина) немесе Душан Лайович (Сербия) болуы мүмкін. 

Айта кетейік, Бублик өз карьерасында Австралия ашық біріншілігінің екінші айналымына екінші рет шығып отыр. Бұған дейін ол 2017 жылы бірінші кезеңнен сәтті өтті. 

Ерлер арасында бұл турнирде Қазақстан намысын қорғап жатқан жалғыз теннисші болып қалды. Себебі, бірінші айналымда Михаил Кукушкин турнирдің үшінші ракеткасы Доминик Тимнен жеңіліп қалды.