Александр Бублик Australian Open турнирінің екінші айналымында ірі есеппен жеңілді
Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Бублик Australian Open турнирінің екінші айналымында ойсырай ұтылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Бублик Australian Open турнирінің екінші айналымында ойсырай ұтылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Екінші айналымда отандасымыз франциялық Гаэль Монфиспен кездесіп, 0:6, 1:6, 4:6 есебімен жеңілді. Осылайша, Бублик Мельбурнде өтіп жатқан Аустралия ашық чемпионатын аяқтады.
Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне жас отандасымыз Тимофей Скатов та шыққан еді. Алайда ол бірінші айналымда Словакиялық Норберт Гомбоштан (3:6, 2:6, 6:1, 4:6) ұтылды.
Ал оған дейін 34 жастағы Михаил Кукушкин де жарыс жолынан шықты. Ол америкалық Томми Полға 3:6, 4:6, 2:6 есебімен есе жіберді.
Жарнама