Александр Бублик АТР рейтингінде үздік 50 теннисшінің қатарына қосылды

Александр Бублик. Сурет: Чемпионат.com©
Қазақстандық теннисші Александр Бублик жаңартылған АТР рейтингінде әлемнің үздік 50 теннисшісінің қатарына қосылды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Санкт-Петербургтегі турнирдің екінші айналымына шығуына байланысты үш сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингінің топ-50 қатарына оралды. Лиссабондағы турнирдің ширек финалына шыққан Дмитрий Попко бес сатыға жоғарылады - ол қазір 173-орында тұр. Денис Евсеев пен Достанбек Ташбулатов та өз позицияларын жақсартты.

Михаил Кукушкин, Тимофей Скатов және Андрей Голубев, керісінше, сәл төмендеді.

ATP рейтингінің топ-10 тізімінде бір ғана өзгеріс болды - Санкт-Петербургтегі турнирде жеңіске жеткен ресейлік Андрей Рублев аргентиналық Диего Шварцман мен италиялық Маттео Береттиниді ығыстырып, 8-орынға көтерілді.

ATP рейтингі. 19 қазандағы жағдай

1 (0). Новак Джокович (Сербия) – 11740

2 (0). Рафаэль Надаль (Испания) – 9850

3 (0). Доминик Тим (Австрия) – 9125

4 (0). Роджер Федерер (Швейцария) – 6630

5 (0). Стефанос Циципас (Грекия) – 5925

6 (0). Даниил Медведев (Ресей) – 5890

7 (0). Александр Зверев (Германия) – 4855

8 (+2). Андрей Рублев (Ресей) – 3429

9 (-1). Диего Шварцман (Аргентина) – 3180

10 (-1). Маттео Береттини (Италия) – 3075

49 (+3). Александр Бублик (Қазақстан) – 1070

89 (-1). Михаил Кукушкин (Қазақстан) – 751

1737 (+5). Дмитрий Попко (Қазақстан) – 353

332 (0). Александр Недовесов (Қазақстан) – 127

372 (+3). Денис Евсеев (Қазақстан) – 106

450 (-4). Тимофей Скатов (Қазақстан) – 79

760 (-2). Андрей Голубев (Қазақстан) – 23

823 (0). Григорий Ломакин (Қазақстан) – 19

929 (+1). Достанбек Ташбулатов (Қазақстан) – 13
Метки:
Жаңалықтар