Александр Бублик әлемнің үздік 50 теннисшінің қатарына қайта қосылды

Александр Бублик. Фото: Vesti.kz.Турар Казангапов©
Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP жаңартылған рейтингінде бірнеше саты жоғары көтеріліп, еліміздің ең үздік теннисшісі деген атақты сақтап қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Жаңартылған тізім бүгін, 28 қыркүйек күні шықты. Бұл рейтингте Бублик жеті саты жоғарылап, 49-орынға көтерілді. 

Үздік жүз теннисшінің қатарында тағы бір отандасымыз бар. Ол Михаил Кукушкин. Қазақстандық теннисші 87-орыннан 88-орынға төмендеген. 

Рейтингтің алғашқы үштігінде ешқандай өзгеріс жоқ. Бірінші орында Новак Джокович, екінші сатыда испаниялық Рафаэль Надаль, үштікті австриялық Доминик Тим түйіндеп тұр. 

Әйелдер арасындағы ең үздік көрсеткішке Елена Рыбакина қол жеткізіп отыр. Ол 18-орында. Юлия Путинцева болса 57, ал Зарина Дияс 76-орыннан 77 орынға төмендеген. 

Австриялық Эшли Барти бірінші орында. Румын қызы Симона Халеп екінші сатыда, үшінші орында жапониялық Наоми Осака. 





Метки:
Жаңалықтар