Александр Бублик әлемнің жетінші нөмірлі теннисшісін жеңді

Сурет: Olympic.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Нидерландының Роттердам қаласында басталған АТР турнирінде неміс жігіті Александр Зверевті жеңді,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

1/16 - финалда өткен бұл ойында Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі екі сеттің қорытындысы бойынша 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Ойын бір сағат 19 минут болды. Бұл матчта Бублик бес эйс, төрт брейк жасады. Ал Зверев болса мүлде брейк жасайтын мүмкіндікке ие болмады. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Бублик әлемдік рейтингте 43-орында келеді. Ал оның қарсыласы Зверев болса жетінші орында. 

Келесі кезеңде отандасымыз Томми Пол (АҚШ) - Лоренцо Сонего (Италия) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. Жалпы бұл турнирдің жүлде қоры 1 117 900 еуро. 

 

Метки:
Жаңалықтар