"Ақша бермей қойды". Бапкер Бубликтің не үшін Қазақстан азаматтығын алғанын айтып берді

Сурет: instagram.com/bublik©
Теннистен Ресейге еңбегі сіңген жаттықтырушы Борис Собкин "Спорт-Экспресс" басылымына берген сұқбатында не үшін Александр Бубликтің Қазақстан азаматтығын алғанын және теннисшінің "Ролан Гаррос" турниріндегі бірінші жеңісі туралы айтып берді. 

- "Ролан Гаррос" турнирінде бірінші сенсациялар да тіркеліп жатыр. Мысалы, Алексендр Бублик әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына кіретін Гаэль Монфисті төрт сеттің қорытындысы бойынша жеңіп кетті ...

- Мен үшін бұл сенсация емес. Біріншіден, Монфис соңғы кездері нашар ойнап жүр. Не үшін екенін білмеймін, бірақ үзілістен кейінгі оның көрсеткіштері өте нашар. Екіншіден, мен Бубликтің шама-шарқын білемін. Ойынға дейін мен оған Монфисті жеңе алатынын айттым. Мен оған аздап көмектесемін. Өткен жылы біз тіпті бірге бірнеше турнирлерге де бірге бардық. Қазір мұндай мүмкіндік жоқ. Ол өте жақсы, әрі талантты жігіт. Александрдің ойын мәнері көптеген мықты теннисшілерге ыңғайсыз болып келеді. Ол тек соңғы кездері ғана өзінің осы басымдығын дұрыс пайдаланып жүр. 

- Гатчинаның тумасы Бублик турдағы ең ерекше теннисшілердің бірі. Оның Ресей атынан өнер көрсетпейтіні өкінішті ...

- Мәселе қаржыда ғой. Басқа ешқандай проблема жоқ. Александрге турнирлерге барып, тәжірибе жинау керек болды. Ресейде оған ақша бермей қойды. Егер ол қаржылық қиындыққа тап болмағанда, ол азаматтығын ауыстырмайтын еді. Бірақ қазір бұл тақырыпты талқылаудың еш мәні жоқ. 

- Қазақстанда оны қолдап жатыр ма?

- Әрине. Қолдамаса азаматтық ауыстырып несі бар? 

Еске салайық, Бублик 2016 жылы Қазақстан намысын қорғайтынын хабарлаған еді. Биылғы "Ролан Гарроста" ол екінші сенсацияны тіркеді. 






Метки:
Жаңалықтар