Виктория Зябкина: Мен осы сәтті ерекше күттім
Қазақстандық атлет Виктория Зябкина 100 метрге жүгіруден Азия чемпионатында чемпион атанды. Осы жеңісінен кейін спортшы ҚР Жеңіл атлетика федерациясы порталының тілшісінің сауалдарына жауап берді.
– Виктория, құттықтауымды қабыл алыңыз.
– Рахмет!
– Азия чемпионатында 100 метрге жүгіруден жеңіске жеттіңіз. Мәреге бірінші болып келгеннен кейін әсеріңіз қандай болды? Оқырмандармен бөлісе отырсаңыз?
– Мен осы сәтті күттім. Өйткені, ешқашан 100 метрден Азия чемпионы болған емес едім. Сол мүмкіндік енді туды. Бұған дейін 60, 200 метрге жүгіруден топ жарған болатынмын. Сондықтан осы жолы 100 метрдің алтынын жеңіп алғым келді. Алда 200 метр және 4х100 бойынша командалық эстафета бар. Әсіресе, құрбыларыммен бірге командалық эстафетада чемпион атануды қалаймын.
– Құрлық біріншілігінің алтынын жеңіп алған кезде кім телефон шалып құттықтады?
– Телефонымның қуаты отырып қалған еді (күлді). Тек SMS жазуға жетті. Ата-анама бірінші орын алғанымды жазып үлгердім. Бірге жаттығып жүрген әріптесім Әйгерім Шыназбекова «боец» деп жазып жіберіпті. Қуанып қалдым.
– Старт алдында қобалжу болды ма?
– Ештеңе мазалаған жоқ. Қобалжу болмады.
– Жарыс алдында күнді қалай өткіздіңіз?
– Ұйықтадым, тамақ іштім. «Ледниковый период» фильмінің жаңа бөлімін көріп шықтым. Бізге сондай-ақ қазы әкеліп берді. Соның дәмін таттық.

Жарнама