Төрт бірдей кениялық спортшы Қазақстан азаматтығын алды

©Maja Hitij/Getty Images

Төрт бірдей кениялық жеңіл атлет Қазақстан азаматтығын алды, деп жазады pulselive.co.ke порталы. 

"Нора Джеруто, Дейзи Джепкемей, Шадрак Коеч және Кэролайн Чепкоеч Қазақстан азаматтығын алды. Енді олар халықаралық турнирлерде осы елдің намысын қорғайды. 

Әу баста Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы азаматтық ауыстыруға рұқсат бермеген еді. Бірақ енді төртеуі де әлемдегі жер көлемі бойынша тоғызыншы сатыда тұрған елдің намысн қорғай алады", - деп жазады басылым. 

Айта кетейік, Дейзи Джепкемей жастар арасында әлем чемпионатында 3000 метрге алтыын жүлде жеңіп алған. Қалған үш жеңіл атлет те түрлі халықаралық деңгейлі жарыстарда жүлделі орындардан көрінген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар