ТМД елдері арасында алғаш рет. Елімізде жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

©Olympics

2023 жылдың 10-12 ақпан аралығында Астана қаласында жеңіл атлетикадан жабық жайдағы 10 Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz

Жарыс Азия жеңіл атлетика қауымдастығы күнтізбесіндегі ең маңызды жеңіл атлетикалық іс-шараларының бірі. Ауқымды іс шараға 31 елден 500-ден астам спортшы қатысады.

Чемпионат Астанадағы "Qazaqstan" жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді. Айта кетейік жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Азия чемпионаты ТМД елдері аумағында алғаш рет өткізілуде. 

Жарыстың ашылу салтанатына Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті Дахлан Әл-Хамад, Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика Федерациясының президенті – Даниал Ахметов, Азия жеңіл атлетика қауымдастығының кеңес мүшелері, Азия елдері федерацияларының басшылары, сондай-ақ еңбек сіңірген спортшылар мен қазақстандық спорт қайраткерлері қатысады.

Байрақты бәсекеде спортшылар жүгіру, лақтыру, секіру және көпсайыс секілді 26 спорт түрінен сынға түседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар