Легкая атлетика
24 мамыр 2017 10:58
 
Салпыншақ киген қыз 50 шақырымдық марафонда бірінші келген

  Пікірлер

blog.share

Салпыншақ киген қыз 50 шақырымдық марафонда бірінші келген © RTVi

Мексикада 22 жастағы Мария Лорена Рамирес 50 шақырымдық марафонда бірінші болып келді, - деп хабарлайды ru.espreso.

Бұл жеңістегі ең қызықтысы мексикалық қыздың 12 елден келген 500 спортшыны салпыншақ пен белдемше киген күйде басып озғаны болып отыр. Рамирес арнайы спорттық киім кимеген, оның үстіне бұл жарысқа арнайы дайындалмаған екен. 

Ол 50 шақырымды 7 сағат 3 минутта жүгіріп өтіп, бұл жеңісі үшін 6 мың песо (100 мың теңгедей) сыйақы алды. Рамирес былтыр 100 шақырымдық марафонда екінші болып келген екен.

Мария Рамирес жергілікті тараумара халқының өкілі. Марафоншы Кристофер Макдугалл бұл халықтың жүгіруге өте епті келетіндігін ерекше атап өткен.

Жарнама

Живи спортом!