Легкая атлетика
7 шілде 2022 08:04

Ресейлік чемпион Олимпиада үшін азаматтығын ауыстырды

©sakhatimes.com

Ресейлік жеңіл атлет Сардана Трофимова азаматтығын ауыстырып, енді Қырғызстан құрамасы атынан өнер көрсетеді, деп хабарлайды Ulus Media.

"Менде екі елдің азаматтығы бар. Алдағы күндері жиналыс өтеді, Ресей бостады, сосын менің спорттық азаматтығым ауысады.

Жарысқа қатысу рұқсатын Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (World Athletics) береді. Мүмкін карантинге жатқызады, карантин болмаса бірден Олимпиадаға жолдама алуға болады", – дейді 34 жастағы спортшы

Трофимова марафондық жүгіру бойынша бес рет Ресей чемпионы болған. 2019 жылғы әлем чемпионатында ол 22-орын алды.

Ресейлік спортшылар халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысу тұрғысынан шектеулер мен тыйымдарға тап болып отыр. Түрлі халықаралық федерациялар ресейлік атлеттерге санкция қолданып жатқанын айта кетейік. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport