Америкалық жеңіл атлет Гил Робертс тыйым салынған дәрмектерді қолданғаны үшін спорттан шеттелді, деп хабарлайды АҚШ-тың Допингке қарсы агенттігі (USADA).
33 жастағы спортшының қанына допинг тамақ қоспасы арқылы түскен екен. Ол қоспаның сыртында тыйым салынған заттар бары туралы ескерту жазылмаған болып шықты. Дегенмен спортшы 16 айға шеттеліп отыр.
2022 жылдың 19 мамырында алынған сынамадан остарин мен андарин табылған, дегенмен, сынама алынған уақыт жарыс кезеңі емес.
2016 жылғы Олимпиадада Робертс 4×400 метрге эстафетада алтын жүлде жеңіп алған болатын.