Жеңіл атлетика
17 шілде 2017 17:02
 
Ольга Рыпакова Рабаттағы "Гаухар лиганы" төртінші орынмен аяқтады

  Пікірлер

blog.share

Ольга Рыпакова Рабаттағы "Гаухар лиганы" төртінші орынмен аяқтады

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жеңіл атлетикадан Марокко астанасы Рабатта өткен «Гаухар лига» сайысының 10-кезеңіне қатысып, жарысты төртінші орынмен аяқтады.

Рабатқа Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Римде өткен «Гаухар лиганың» төртінші кезеңнің жеңімпазы Венесуэла елінің атлеті Юлимар Рохас келген жоқ. Есесіне өзге мықтылардың бәрі қатысты. Олардың арасында Рио Олимпиадасының чемпионы колумбиялық Катрин Ибаргуэн де бар.

Рабатта үш қарғып секіруші қыздар Римдегідей жоғары нәтиже көрсете алмады. Жеңімпаз Катрин Ибаргуэннің үздік көрсеткіші – 14,51 см. Күміс жүлдеге ямайкалық Кимберли Уильямс (14,31 см) қол жеткізді. Үшінші орынға Грекиядан келген Параскеви Папахристу (14,21 см) ие болды. Өкініштісі, Ольга грек қызынан бар-жоғы 1 сантиметрге қалып қойды. Жерлесіміздің нәтижесі – 14,20 см. Сөйтіп, төртінші орынға тұрақтады.

Жарыс алдында Ольга Рыпакованың жеке бапкері әрі жұбайы Денис Рыпаков қазақстандық спортшыдан аса жоғары нәтиже күтудің қажеті жоқ екенін, әзірге әлем чемпионатына дайындық екенін айтқан болатын.

Енді Олимпиада чемпионы 21 шілде күні Монакодағы он бірінші кезеңге қатысады. Одан кейін жерлесіміз Лондондағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді.

Дохада басталған лига Бельгия астанасы Брюселльде аяқталады. Жалпы «Гаухар лига» 14 кезеңнен тұрады. Чемпион атанған атлетті 50 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы күтіп тұр. Сондай-ақ әрбір кезеңде үздік нәтиже көрсеткен спортшының қалтасы да бос қалмайды. Кезең жеңімпаздарына 10 мың доллар көлемінде сыйақы үлестіріледі.

Жарнама

Живи спортом!