auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Ольга Рыпакова Ослодағы "Гауһар лигаға" қатысады

Жарысқа қатысушылар қатарында бас қарсыластарының бірі колумбиялық Катрин Ибаргуэн де бар.

Ольга Рыпакова Ослодағы "Гауһар лигаға" қатысады
The Fappening
Үш бірдей Олимпиада ойындарында жүлде алған қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова  7 маусым күні Норвегия елінің астанасы Ослода өтетін "Гауһар лиганың" бесінші кезеңіне қатысады.

Жарысқа қатысушылар қатарында бас қарсыластарының бірі колумбиялық Катрин Ибаргуэн де бар, - деп хабарлайды Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы.

Әйелдер арасындағы үш қарғып секіру сайысы "Гауһар лиганың" биылғы маусымында осымен екінші рет қосылып отыр. Бұған дейін алғашқы старт 12 мамырда Шанхайда басталған. Оған Ольга Рыпакова қатыспаған еді. Осы жолы Ослода 9 атлет бақ сынайды. Үшеуі – Шанхайдағы кезеңде жүлдеге іліккендер. Қытайда колумбиялық Катрин Ибаргуэн – 14.80 метрмен чемпион атанған. Екінші және үшінші орынды ямайкалық Шаниека Риккетс (14.55) пен Кимберли Уильямс (14.35) өзара бөліскен болатын. Ал өзге алты спортшы жарысты Ослодан бастамақ.

Мамандар Норвегияда жоғарыдағы үштікпен қатар Ольга Рыпакова жүлдеге таласады деп отыр. Сондай-ақ 12 мамырда Франциядағы жарыста 14.84 метрге секіріп, көпшілікті таңқалдырған америкалық Тори Франклин де Ослоға келеді. Бұл – биылғы маусымдағы ең үздік көрсеткіш. Былтырғы жылы бұл межеден тек Катрин Ибаргуэн мен Юлимар Рохас ғана асқан болатын. 2017 жылы 14.09 метрмен шектелген Франклиннің бір жылдың ішінде осындай нәтиже көрсетуі қол соғуға тұрарлық.

Сондай-ақ германиялық Кристин Гириш пен грекиялық Параскеви Папахристу, украиналық Ольга Саладуха және жергілікті спортшы Ютси Онстад жарыс көрігін қыздыратын болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар