auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Ольга Рыпакова мен Виктория Зябкина құрлықтық кубок үшін таласады

Жеңімпаз команда ұпай санының көптігімен анықталады.

8-9 қыркүйекте Чехияның Острава қаласында IAAF құрлықтық кубогінің үшінші кезеңі өтеді. Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы төрт жылда бір рет ұйымдастыратын додаға Ольга Рыпакова мен Виктория Зябкина шақырту алды, - деп хабарлайды Olympic.kz.

Осы жарысқа Еуропа, Америка, Африка және Азия-Океания аймағының құрамалары қатысады. Турнир бағдарламасына 37 спорт түрі енген. Ерлер мен әйелдердің әрқайсысы 18 жарыс түрінен сынға түседі. Сондай-ақ, 400 метрге 4 адамнан жарысатын аралас командалық эстафета бар.

Жеңімпаз команда ұпай санының көптігімен анықталады. Бір айта кетерлігі, мұнда спортшылардың жеке көрсеткіші емес, бірлескен рейтингі есепке алынады.

Әр құрлық құрамалары осы маусымдағы ірі жарыстардың нәтижесі бойынша жасақталды. Азия мен Океанияның біріккен командасына 87 атлен енген (45 ер адам, 42 әйел). Олардың арасында қазақстандық Виктория Зябкина (200 м) мен Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру) бар.

Маусым айында өткен Ғұсман Қосанов мемориалында 200 метрді 22.73 секундта жүгіріп өткен Зябкина Азия рейтингінде көш бастап тұр. Сондай-ақ, Джакартадағы Азия ойындарында 14.26 метрге секірген Рыпакова тізімде бірінші орында.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар