Легкая атлетика
26 қаңтар 2017 19:09
 
Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы Ольга Рыпакованың мәселесіне байланысты пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы Ольга Рыпакованың мәселесіне байланысты пікір білдірді ©Zimbio.com

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті Алексей Кондрат Ольга Рыпаковның 2008 жылы Олимпиада ойындарының күміс жүлдесін алып қалуы мүмкін деген мәселеген байланысты пікір білдірді. Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұхбатында ол бұл мәселенің әлі толық шешілмегенін айтты. 

Кеше, яғни 25 ақпан күні ресейлік жеңіл атлет Татьяна Лебедеваның 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдесінен айырылғаны белгілі болған еді. Осы мәселеден кейін көпшілік ресейлік атлеттің жүлдесі қазақстандық Ольга Рыпаковаға берілуі керек деген болатын.  

"Бұл мәселе әлі толық шешілмеді. Біз әлі ресми шешімді алмадық. Өткенде ғана біз Ольганы қола жүлдесімен құттықтаған едік, енді міне оған күміс қосылып отыр. Енді Рыпаковада Олимпиада ойындарының барлық жүлдесі бар. Менің білуімше, Лебедева бұл іске байланысты сотқа шағымданайын деп жатыр. Бірақ ары қарай не болары белгісіз", - дейді Кондрат. 

Айта кетейік, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында Рыпакова төртінші орын алып қалған еді. Бірақ Хрисопии Деветцидің допинг сынамасы оң нәтиже бергеннен кейін, отандасымызға Олимпиаданың қола жүлдесі берілген еді. 

Жарнама

Живи спортом!