1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Жеңіл атлетика
15 қыркүйек 13:22
 

Қазақстандық жеңіл атлет Токиодағы әлем чемпионатының финалына өтті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық жеңіл атлет Токиодағы әлем чемпионатының финалына өтті ©ҚР ҰОК

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Токио (Жапония) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында іріктеуден сәтті өтті.

blog.share

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Токио (Жапония) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында іріктеуден сәтті өтті.

15 қыркүйекте әйелдер арасында 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгірудің іріктеу кезеңі өтті.

Бұл сынға Қазақстан атынан Нора Джеруто мен Дейзи Джепкемей қатысты.

Джеруто алғашқы жүгіруде мәреге екінші болып келіп, финалға жолдама алды. Ал Джепкемей өз жүгірісінде тоғызыншы орынға табан тіреп, келесі кезеңге өте алмады (финалға үздік бес спортшы шықты).

Айта кетейік, финал 17 қыркүйекте өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!