Жеңіл атлетика
7 ақпан 2022 12:37

Қазақстандық жеңіл атлет Францияда алтын жеңіп алды

©altayathletics

Салон-де-Прованс (Франция) қаласында он шақырымға әйелдер арасындағы халықаралық марафон өтті. Бұл жарысқа қазақстандық Жанна Мамажанова да қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мамажанова бұл қашықтықты 33 минут 56 секундта жүгіріп өтіп, алтын жеңіп алды.

Еске салайық, Мамажанова былтыр Аустраиядағы жарыста да жеңімпаз атанған. Осылайша, ол Олимпиада лицензиясын иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport