Жеңіл атлетика
13 ақпан 2023 10:26

Қазақстандық белгілі жеңіл атлет карьерасын аяқтады

© olympic.kz©

Үш бірдей Олимпиада ойындарында жүлде алған (алтын, күміс, қола жүлдегер) қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова спорттағы кәсіби мансабын аяқтады. Ол бұл туралы жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Х Азия Чемпионатында хабарлады.

"Еліме ризамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап менің ең жас жанкүйерлеріме дейін бір ғана, бірақ өте маңызды нәрсе – маған СЕНІМДЕРІ үшін алғыс айтамын. Мені тұлға ретінде, кәсіби спортшы ретінде танытуға мүмкіндік берген тағдырға және Жаратушыға алғыс айтамын", – деді спортшы.

 Отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосқаны үшін ҚР Премьер-Министрі спортшыға алхыс хат жолдады.

"Сіздің жарқын жеңістеріңіз қазақстандық жанкүйерлердің жүрегінде мәңгі қалады. Біз сіздің спортқа және принциптерге деген адалдығыңызды бағалаймыз. Ел бойынша мыңдаған бала сізден үлгі алады және отандық жеңіл атлетика дәстүрін жалғастырады. Отандық спортты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Құрметпен, ҚР Премьер Министрі Алихан Смаилов" - делінген хатта.

Салтанат соңында спортшы жанкүйерлер алдында жүгіріп өтіп, кәсіби спорттағы жолын аяқтады. 

Ольга Рыпакова үш бірдей Олимпиада ойындарында жүлде алған жалғыз қазақстандық спортшы. Ол Лондон Олимпиадасында чемпион атанды. 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, ал 2016 жылы Рио-де Жанейрода қола медальға қол жеткізді. Әлем чемпионатында да үш рет жүлде алған. 2015 және 2017 жылдары қола медаль еншілесе, 2011 жылы күміс алған. Жабық кешендегі әлем чемпионатында 2010 жылы – алтын, 2008 жылы – қола, 2012 жылы күміс медаль еншілеген. Азия ойындарының төрт дүркін жеңімпазы (2006, 2010, 2014, 2018).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport