Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Нидерландының Хенгело қаласында өткен беделді FBK Games халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды.
Спортшы биіктікке секіру сайысында үшінші орынға тұрақтады. Ең үздік мүмкіндігінде Овчинникова 188 сантиметр нәтижесін көрсетті. Ал Елизавета Матвеева 176 сантиметр көрсеткішпен жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады.
Жарыстың жеңімпазы атанған Украина өкілі Ярослава Магучих 194 сантиметр биіктікті бағындырды. Күміс медальді Куба спортшысы Дакси Аделина Брисон жеңіп алды – 191 сантиметр.
Айта кетейік, FBK Games турнирі World Athletics Continental Tour жарыстарының ең жоғары – «алтын» деңгейіне кіреді.
Жарнама